Павлодарлық колледждің студенттерге берген тегін тамағы желіні шулатты (видео)

0
590

Жазбадан ыдысқа салынған тағамның тас болып жабысып қалғанын көруге болады.


Павлодарлық колледждің студенттерге берген тегін тамағы желіні шулатты (видео)

ERNUR.KZ. Павлодар колледжінің студенттері түскі астарының қандай екенін көрсету үшін бейнежазбаға түсірген. Жазбадан ыдысқа салынған тағамның қатты жабысып қалғанын көруге болады, деп жазады Stan.kz.

"Бұған ешқандай гипс қосылмаған, біздің тамағымыз осындай", - деп видео авторы қалжыңмен жеткізгісі келеді. Осы сәтте кадр сыртынан күлкі даусы естіледі.

"Павлодар құрастыру колледжінде студенттерді осылай тегін тамақтандырады. Ал тексеру келген күні бұдан әлде қайда дәмді етіп дайындайды тіпті салаттар да береді", - деп жазылған жазба түсініктемесінде.

Қазіргі уақытта оқу ордасына қатысты тексерулер басталды.

Жазбаны көрген көрермендер бірден наразылықтарын білдіріп, павлодарлықтар оқу орнының асханасына тексерулер жүргізіп, қоғамдық тамақтану бөлімінің жалға алушыларына тиісті шаралар қолдануды талап еткен.

Аталған оқу ордасы орын алған оқиғаның жете бақылауда екенін жеткізген.

"Бұған дейін қызмет көрсету кезінде білім алушылар тарапынан тамақ сапасына шағымдар болмаған. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді колледж басшылығы.

Тексерушілер құрамына қамқоршылық кеңестің өкілдері, колледж әкімшілігі, медицина қызметкерлері сондай-ақ, ата-аналар мен студенттер кірген.

"Тағамды сапасыз дайындау фактісі расталған жағдайда кінәлі тарап толық жазаланады", - деп атап өтті Павлодар колледжі.