Павлодарлық оқушылар бір тоннадан астам пластик қақпақ жинады

0
493

Экологиялық акция шеңберінде жиналған қақпақтардан түскен қаражатты оқушылар қайырымдылыққа жұмсамақшы.


Павлодарлық оқушылар бір тоннадан астам пластик қақпақ жинады

ERNUR.KZ. Павлодарлық оқушылар бір тоннадан астам пластик қақпақ жинады, деп жазады inform.kz.

Экологиялық акция шеңберінде жиналған қақпақтардан түскен қаражатты оқушылар қайырымдылыққа жұмсамақшы.

Михаила Катаев атындағы оқушылар сарайында «ЭКО boom» жобасы шеңберінде «Жақсылық жаса» атты акция ұйымдастырылды. Оған 96 мектептен 12 615 оқушы қатысты.

Биология ғылымдарының магистрі Айгерім Оразбаеваның айтуынша, бір тонна пластик қоқыс полигонына түспеуі үшін, балалар табиғатты аялауды үйренген.

— Оқушылар пластик қақпақтарды жинауға қыркүйек айында кіріскен. Ата-аналары да атсалысқан. Осы акция үшін олар жиналған қақпақтарды пластик бөтелкелерге салып, мектепке өткізуді әдетке айналдырған, — деп толықтырды биолог.

Кейінірек жиналған қақпақтарды қайта өңдейтін өндіріс орындарына өткізбекші.

Одан түскен қаржатты ұйымдастырушылар қайырымдылық қорына аудару арқылы, шұғыл емге мұқтаж балалардың еміне жұмсамақшы. Былтыр оқушылар 3 464 кг пластик қақпақ жинап, 410 330 теңге алыпты. Түскен ақша ауыр науқас екі баланың еміне жұмсалған.

Биыл қайырымдылық акция Оқушылар сарайында 13 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.