Құжат 8 сәуірге дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының тізіміне толықтырулар дайындады, деп жазады baq.kz.
Атап айтқанда, тізбеге педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандығы қосылады.
Түсіндірілгендей, педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымын енгізу болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты үйлестіру үшін қажет.
Құжат 8 сәуірге дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.