ERNUR.KZ. Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыстар порталына 3,6 миллион теңге болатын жаңа лот орналастырған. Алайда жөндеу жұмыстарына арналған қаржының 1 миллион теңгесі қымбат себезгі кабинасын сатып алуға арналыпты, деп жазады stan.kz.
Порталдағы ақпаратқа сәйкес әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал жұмыстың негізгі мақсаты ұзындығы 1,5 метр, ал биіктігі 2 метр болатын себезгі кабинасын орнатуға бағытталған.
Бөлінген қаржының 1 миллионы жұмысшылардың жалақасына, 1,5 миллион теңгесі құрылыс материалдарына, ал 848 мың теңгесі себезгі кабинасына арналған. Қосымша шығындармен қоса есептегенде бұл қаржы 916 мың теңгеге жетеді.