Петропавлда ер адамның үстіне қабырға құлап қаза болды

0
225

Оқиға 23 сәуірде түс ауа болған.


Петропавлда ер адамның үстіне қабырға құлап қаза болды

ERNUR.KZ. Петропавлда жеке үйді бұзу кезінде ер адамды қабырға басып қалып, мерт болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 23 сәуірде түс ауа болған. Ер адамның үстіне бұзылып жатқан қабырға құлаған.

"23 сәуірде сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қаза болды", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.