Петропавлда Есіл өзені таси бастады

0
341

Тасқын су Петропавлға жетті.


Петропавлда Есіл өзені таси бастады

ERNUR.KZ. Петропавлда Есіл өзені арнасынан шығып, Заречный кенті жанынан өтетін халықаралық маңызы бар «Новосібір-Челябі» тас жолын су басты, деп жазады inform.kz.

Тасқын су Петропавлға жетті.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен бір тәулікте Есіл өзені қала маңында 144 см-ге көтерілген. Осылайша қауіпті деңгей – 960 см-ден асып, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша 1038 см-ге жетті.

Қазір Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Ал өзен суының деңгейі 1050 см-ге жеткен жағдайда, Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.

Сергеевка, Покровка елді мекені маңында топан судың беті қайтып, түсе бастады. Өткен тәулікте Сергеевкада 15 см-ге, Покровкада 36 см-ге төмендеді.

Новоникольское елді мекені маңында Есіл өзені әлі де көтеріліп жатыр, бір тәулікте 41 см-ге көбейген. Долматово елді мекенінде 135 см-ге көтерілді.

Сергеев су қоймасындағы жағдай өзгеріссіз, қазіргі уақытта ол 176 % толған.

Ал шағын өзендер деңгейі түсіп жатыр.

Бұған дейін Петропавлда 50 шақты тұрғынның эвакуациядан бас тартқанын айтқан едік.

Өңірде Мәжіліс депутаттары жүр. Бақытжан Базарбек облысқа сапар барысында түйген бірнеше мәселені тізіп, табиғат апатынан зардап шеккен халық шығыны өтелетінін айтты.