Петропавлда әйел адам көпірден өзенге құлап кетті

0
646

Келіп жеткен жедел жәрдем арбасы тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді.


Петропавлда әйел адам көпірден өзенге құлап кетті

ERNUR.KZ. 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.

- Әйелді табу оңайға соққан жоқ. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған шығар. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады, - дейді ол.