2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері оқушыларға балтамен тап берген тоғызыншы сынып оқушысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Петропавл мектебінде бұл төтенше жағдай 2023 жылдың ақпан айында болған, деп жазады zakon.kz.
Қылмыстық тергеудің аяқталғаны жөнінде облыстық полиция департаменті patriot_patriot Telegram арнасына хабарлаған:
"Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушыларына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс танысып, сотқа жіберу үшін прокуратураға тапсырылды".
2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған. Мектеп оқушылары тоғызыншы сынып оқушысын залалсыздандырған. Мектепке балта алып барып, қатарластыра тап берген оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.