Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып мерт қылды

0
363

Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады.


Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып мерт қылды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды, деп жазады kaz.inform.kz.



Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған.

Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.

«Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады» делінген баспасөз хабарламасында.