Петропавлдық жігіт пәтерді бірге жалдап тұратын зейнеткердің атынан екі несие алған

0
2 072

Жігіт зейнеткермен бірге пәтер жалдап тұрған. Қарт адамның сеніміне кіріп, телефонындағы банктік қосымшасын пайдаланған.


Петропавлдық жігіт пәтерді бірге жалдап тұратын зейнеткердің атынан екі несие алған

ERNUR.KZ. Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде бірге тұратын зейнеткердің атына несие рәсімдеген, деп жазады tengrinews.kz.

Қаңтарда 69 жастағы петропавлдық полицияға жүгінген. Қолына зейнетақысының жартысын ғана алған қария есепшотындағы ақшасы екі несиенің жабылуына жұмсалғанын байқаған. Жедел уәкілдер күдіктіні тез арада анықтады. Ол облыс аудандарының бірінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігіт зейнеткермен бірге пәтер жалдап тұрған. Қарт адамның сеніміне кіріп, телефонындағы банктік қосымшасын пайдаланған. 2022 жылы желтоқсанда жалпы сомасы 300 мың теңге болатын екі несие ресімдеген.

Ұсталғанның айтуынша, оған шұғыл түрде ақша қажет болған. Жақын арада қайтарып беруді жоспарлаған. Бірақ ойлағаны іске аспады. Екі несиеден түскен ақшаны толығымен букмекерлік кеңседе бәс тігуге жұмсаған. Сот отырысы болғанға дейін жас жігіт қажетті соманы тауып алып, келтірген шығынды өтеді. Сәуірде сот оның бас бостандығын 3 жыл 6 айға шектеді.