Сондай-ақ министр жоба аясында бірқатар құжат әзірленір жатқанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният АҚШ-тың белгілі компаниясы Қазақстанда пневмонияға қарсы вакцина шығаратын айтты, деп жазады BAQ.KZ.
"Елімізге дүниежүзіне әйгілі Pfizer («Файзер») компаниясы фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Олардың өнімі елімізде шығады. Сондай өнімнің бірі - вакцина. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина жасалады. Бұл вакцинамен көбіне кішкентай балалар мен егде жастағы азаматтар екпе (егіледі)алады. Өкпесі ауыратын азаматтардың ауруы асқынып кетпеуі үшін алдын алу шаралары жүргізіледі", – деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ министр жоба аясында бірқатар құжат әзірленір жатқанын атап өтті.