Пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды Қазақстаннан шығаруға тыйым салынды

0
815

Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды Қазақстаннан шығаруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы "Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды шығаруға 6 айға тыйым салынады.
Дәлірек айтқанда:
сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге де бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге болмайды.
Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйымның енгізілетіні туралы хабарлауға тиіс.
Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.