Полицейге өлең арнаған мас "ақын" көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)

0
603

​Әлеуметтік желіде үстінде киімі жоқ, мас күйінше тәртіп сақшысына арнау айтқан жас жігіттің бейнежазбасы тарады.


Полицейге өлең арнаған мас
ERNUR.KZ. "Жалаңаш ақынның" шабыты өзін наркологиялық тексеру мекемесіне әкелгенде оянған сияқты, деп жазады Экспресс К.


Бейнежазбада ол өзінің қасында тұрған полицейге онша ұйқаса қоймайтын өлең оқиды.

"Ай, қамасаң, қамай берші, жатайыншы,

Бұл күнде бір рахатқа батайыншы.

Қаратөбенің жігіті болға соң,

Осындайда арқаланып айтайыншы" — деп өлең арнайды қасындағы полицейге.


Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін әбден күлкіге айналдырды. "Қызып алып, той басқарып жатқан асабаны алып кеткен бе полицейлер?", "Қаратөбенің жігіттері осындай. Сөзге шешен болады", "Шабыт жер таңдамайды" деп кекетті пікір білдіргендер.