Полиция Алматы базарларын тексерді

0
423

Жергілікті рейдтердің мақсаты - заңсыз көші-қон арналарын, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзушылықтарды анықтау.


Полиция Алматы базарларын тексерді

ERNUR.KZ. Полиция Алматы базарларын тексерді, деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті рейдтердің мақсаты - заңсыз көші-қон арналарын, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзушылықтарды анықтау.

"Өткен демалыс күндері біздің бөлімшенің қызметкерлері 22 базарды тексерді, нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-де жеке басын куәландыратын құжаттар жоқ. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Олардың жетеуі сот шешіміне сәйкес біздің мемлекеттен тыс жерлерге жер аударылды. Сонымен қатар, әкімшілік ықпал ету шаралары ҚР-да шақырылған шетел азаматтарының заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға қатысты қабылданды", - деді Алматы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.