Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ - Берік Уәли

0
433

Тоқаевтың баспасөз хатшысы ресми өтініш түскен жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетінін айтты.


Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ - Берік Уәли
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Ауғанстан азаматтарын қабылдау туралы тараған алып-қашпа әңгімеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарайды ERNUR.KZ.
"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.