Президент: Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды

0
6 817

Мемлекет басшысы карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын жеткізді.


Президент: Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды". Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады", – деді Мемлекет басшысы.