Президент ҚХА-ның негізгі міндеттерін атады

0
351

Президент татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтап өтті.


Президент ҚХА-ның негізгі міндеттерін атады

ERNUR.KZ. Түрлі этностардың мәдениет қайраткерлері арасында қоғамдық диалогтың болуы өте маңызды. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ассамблеяның қызметін біртіндеп ұлттың ықпалдастық әлеуетін күшейтуге бағыттау керек. Сондай-ақ Ассамблея этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тың серпін беру мәселесіне айрықша назар аударуы қажет. Олар этносаралық коммуникацияның тиімді жолдарын қалыптастыруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма берді.

«Түрлі этностардың мәдениет қайраткерлері арасында қоғамдық диалогтың болуы өте маңызды. Жұмыс тәсілі қазіргі заманға сай болғаны жөн. Үкімет осы айтылған мәселелерге назар аударуы керек», - деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі сессия барысында Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздегі реформалар мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Президент татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтап өтті.