Президент мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

0
541

23 маусым әлемдегі барлық мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай кәсіби мереке. болса, дәл осы күні қазақстандық полицейлер де кәсіби мерекелерін атап өтуде.


Президент мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мемлекеттік қызметшілерге арнаған құттықтауын Х әлеуметтік желісінде жариялады.
"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстан полициясын да бүгінгі төл мерекемен құттықтап, полицейлр заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келе жатқанын айтты.
"Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды. Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін", - деді Тоқаев.
Еске салайық, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. 2007 жылдың 5 маусымында мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым полиция күні болып ресми түрде бекітілді.