Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: шағын несиемен қамту екі есеге ұлғайтылады

0
1 485

Ірі қалаларда несие сомасы — 17-19 млн теңгені, ал ауылдық жерлерде — 8 млн теңгені құрайды.


Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: шағын несиемен қамту екі есеге ұлғайтылады

фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында шағын несие беруді көбейту туралы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында шағын несие беруді дамытуға қосымша 20 млрд теңге бөлінеді.

«Нәтижесінде, шағын несиемен 14 мыңнан астам адамды қамтуға жол ашылады, бұл 2017 жылдағы деңгейден екі есеге артық. Аталған бастаманың маңызы — бұл мыңдаған адамдарға өзінің жеке ісін ашуға және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді», — деді Ш. Ахметов.

ҚР ҰЭМ өкілінің айтуынша, қалалар мен моноқалаларда мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қазіргі таңда ЕХӘҚМ бірлесіп Бағдарламаға өзгерістер әзірленді, атап айтқанда, шағын несие берудің максималды сомасы қайта қаралып, сауда секторындағы айналымдағы қаражаттарды толықтыру мақсатында шағын несие алу шектеулері алынып тасталады. Ірі қалаларда несие сомасы — 17-19 млн теңгені, ал ауылдық жерлерде — 8 млн теңгені құрайды.

2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта келіп, спикер ауылдық жерлерде және қалаларда жеңілдікті шарттармен (көп дегенде 6%) кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 8 000 АЕК дейін (19 млн тг дейін) салалық шектеулерсіз шағын несие беру көзделген.

Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда мемлекет тараптан шағын несиелерді кепілдендіру мүмкіндігі қарастырылған (жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер үшін кепілдік сомасы шағын несие құнының 85% дейін, бұрыннан айналысатын кәсіпкерлер үшін — 50% дейін).

Шағын несиелерді екінші деңгейлі банктер және шағын қаржы ұйымдары береді. Халыққа бюджет қаражаттарын шұғыл жеткізу мақсатында екінші деңгейлі банктердің қаражаттарды игеру мерзімдері 6 айға дейін қысқартылды. Бұған дейін бұл мерзім 12 айды құрады. 2017 жылы несиелер бойынша қарыздың орташа мерзімі 51 ай (4 жыл және 3 ай) болды.

«Қабылданған шаралар банктердің осы бағыттағы жұмысын жандандыруға және халыққа бюджеттік несиелердің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз», — деп қорытындылады Ш. Ахметов.