Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан арасында бейбіт адам саласындағы байланыстар сәтті дамып келе жатқанын, уран өндіру және байыту саласында бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын айтты.
ERNUR.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Санкт-Петербургте өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысына шақырды, деп жазады inform.kz.
«Қасым-Жомарт Кемелұлымен қараша айының соңында Минскіде ҰҚШҰ саммитінде тағы да жүздесетін боламыз. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына, сонымен қатар дәстүрге айналған ЕАЭО мен ТМД көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке шақыруымды бердім», - деді Владимир Путин Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған брифингте.
Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан арасында бейбіт адам саласындағы байланыстар сәтті дамып келе жатқанын, уран өндіру және байыту саласында бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын айтты.
«Қазақстан нарығында көмір, мыс және басқа да сұранысқа ие ресурстарды өндіру саласында көптеген ірі ресейлік тау-кен компаниялары жемісті жұмыс істеуде. Елдеріміз өнеркәсіптік кооперацияның бірқатар ірі бірлескен жобаларын жүзеге асыруда. Біз бұл кооперацияны тереңдетуге, Қазақстан аумағында қосымша қуаттарды құруға, белгілі бір технологиялар мен құзыреттерді беруге дайынбыз», - деді Ресей Президенті.