Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.
ERNUR.KZ. Кремль Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Владимир Путин қазақстандық әріптесін туған күнімен құттықтады.
"Мемлекет басшысы ретіндегі қызметіңізде сіз отандастарыңыздың лайықты құрметіне және халықаралық аренада айтарлықтай беделге ие болдыңыз", - делінген жеделхатта.
Ресей екі ел арасындағыр арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды, деп атап өтті Путин.
"Біздің жолдастық қарым-қатынасымызды бағалаймын. Бұдан әрі де Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін бірлесіп жұмыс істей береміз", - деді Ресей президенті.
Ол Тоқаевқа денсаулық, амандық және табыс тіледі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.