Qarmet кәсіпорындарынан жанармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0
796

Олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келген.


Qarmet кәсіпорындарынан жанармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келген.
"Бұдан басқа, "Qarmet" АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.