"Qazaq Air" компаниясы қайтадан сатылымға шығарылды

0
1 084

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.


ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" АҚ "Qazaq Air" компаниясын тағы сатылымға шығарды, деп жазады Stan.kz.

"Самұрық-Қазына" АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында "Qazaq Air" АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада "QAZAQ AIR" АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды", – делінген қор сайтында жарияланған ақпаратта.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Қор конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар sk.kz, ipo.sk.kz, flyqazaq.com сайттарында орналастырылған конкурстық құжаттамамен танысуы қажет екенін атап өтті.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау конкурстың бірінші кезеңінде 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10.00-де аяқталады. Конкурстың қорытындысын шығару 2024 жылғы 16 ақпанда жоспарланып отыр. Конкурс бойынша өзге мерзімдер конкурстық құжаттамаға сәйкес айқындалады.

Еске салайық, бұған дейін "Qazaq Air"-дің Вьетнам компаниясына сатылуы мүмкін екені айтылған еді.