Ресей қазақстандық оқушыларға бірегей білім беру жобасын ұсынды

0
378

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (СПбМУ) екі мектепте - өз елінде және Ресейде оқуды біріктіруді ұсынады.


Ресей қазақстандық оқушыларға бірегей білім беру жобасын ұсынды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті ресейлік стандарттар бойынша бірегей білім беру жобасын ұсынады, деп жазады sputnik.kz.

Ұсынылып отырған оқыту форматы әлемнің кез келген елінің оқушыларына орыс тілінде білім алуға, ресейлік мектеп бағдарламасы бойынша оқуға, сондай-ақ эрудицияны дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Онлайн мектеп 4-11 сынып оқушылары үшін 13 мектеп пәні бойынша сабақтар ұсынады. Оқу кезеңі қазаннан мамырға дейінгі уақытты қамтиды. Сабақтар сенбі күндері өтеді.
Қашықтықтағы мектеп – 5–11 сынып оқушыларына арналған. Сабақтар аптасына 5-6 күн жүргізіледі. Оқушыларға мемлекеттік үлгідегі аттестат беріледі. Құжаттарды 20 маусымға дейін тапсыруға болады.