Ресей мектептерінде қазақ тілін үйрететін мұғалімдер даярланады

0
897

Алдағы уақытта мектептерде кәсіби білім беруге қабілетті жоғары білікті мұғалімдерді оқыту үшін қазақ және орыс тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасы жүзеге аспақ.


Ресей мектептерінде қазақ тілін үйрететін мұғалімдер даярланады

ERNUR.KZ. Ресейдің Омбы қаласында этникалық қазақтар саны артып келеді. Осыған орай көрші елдегі бірнеше мектепте қазақ тілі факультативтік пән ретінде оқытылып жатыр, деп жазады zakon.kz.

Алдағы уақытта мектептерде кәсіби білім беруге қабілетті жоғары білікті мұғалімдерді оқыту үшін қазақ және орыс тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасы жүзеге аспақ. Бұл туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-не Ресейдің ОМСК педагогикалық университетінен келген ресми өкілдер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Атап айтқанда, Омск мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент Ирина Геращенко, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Людмила Бевзюк, Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Евгений Виданов, Аркадий Петрусевич.

Ресейлік ғалымдарды университет Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, әріптес ЖОО-мен ынтымақтастық келісімшартты жаңарту, академиялық ұтқырлық, тағылымдама және халықаралық бағдарламалар мен жобалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін талқылады.

Бүгінде ОҚПУ жоғары білім мен ғылымды интернационалдандыру саясатын қарқынды жүзеге асырып келеді. Университет әлемнің түрлі географиялық аймақтарының, атап айтқанда, Еуропалық одақтың, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінің 100-ден астам жоғары білім беру және зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен халықаралық келісімдерге қол қойған.