Салыстырмалы түрде алғанда жаңа жағдайлар санының өсімі 1,1%-ға дейін артқан.
ERNUR.KZ. Жаңа коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, Ресейде бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 13 634 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең көп көрсеткіш, деп жазады ҚазАқпарат.
Салыстырмалы түрде алғанда жаңа жағдайлар санының өсімі 1,1%-ға дейін артқан. Бұл көрсеткіш екі күн бұрын 1% деңгейінде тұрған. Елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны 1 298 718.
Қазіргі уақытта РФ-да 255 679 адам ауырып жатыр.
Бір тәулікте Ресейде 4 240 пациент аурудан сауығып шыққан. Елде коронавирустан емделіп шыққан науқастардың жалпы саны 1 020 442 адамға жеткенін хабарлады штаб. Сауығып шыққандардың жалпы саны ауру жұқтырғандардың жалпы санынан 78,5%-ға дейін азайған. Сенбі күні бұл көрсеткіш 79%-ды құраған болатын.
Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 149-ға артқан. Бір күн бұрын 191 адам вирустан көз жұмған болатын. Эпидемия басталғалы елде 22 597 адам қауіпті індеттен қайтыс болды.