Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін тоқтату талап етілді

0
524

Jah Khalib 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетеді деп күтіледі.


Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін тоқтату талап етілді

ERNUR.KZ. Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің (Бақтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертін тоқтату ұсынылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Әділетті Ресей" партиясының ресейлік депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib-тің соғысқа қарсы мәлімдемелеріне байланысты Мәскеуде өтетін концертіне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы ол Telegram-арнасына жазды.

Ресейлік рэпер әрі журналист Аким Апачев та ВКонтакте желісіндегі парақшасында Jah Khalib-тің концерттерін тоқтатуға шақырды.

"Биыл Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің екі концерті жоспарланған. Бұларың не? Мүмкін Кремльде Зеленскийдің концертін ұйымдастырарсыздар? Елімізді жамандайтындардың бәрін, айдау керек. Жау жау болып қалады, ол Мәскеудегі концерт үшін одақтас болып кетпейді", - деп жазды ол.

Jah Khalib 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетеді деп күтіледі.