Магистратурада білім алып жатқан студенттер ғылыми жұмыспен айналысып жатыр.
ERNUR.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттер коронавирусқа қарсы дәрі жасауға үлес қосып жатыр. Орал федералды университетінің арнайы орталығында молекулалар стандартталып, кейін дәрілік зат шығарылады, деп жазады zakon.kz.
Магистратурада білім алып жатқан студенттер ғылыми жұмыспен айналысып жатыр.
"Біздің орталықтың стратегиялық мақсаты- дәрілік заттарға айналуы мүмкін молекулалардың бағытталған синтезі. Озық технологияларды дамыту көзделуде. Орталықта бірнеше магистрлік бағдарламалар жүзеге асырылады. Магистратурада шамамен 120 адам оқиды. Бұл студенттердің барлығы нақты жобаларға қатысады."Алиса Козицина, химия ғылымдарының кандидаты