Ресейде шекарадан заңсыз өткен қазақстандық шопандар 6 жылға сотталуы мүмкін

0
480

Ер адамдар жоғалған малды іздеуге шыққан.


Ресейде шекарадан заңсыз өткен қазақстандық шопандар 6 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандық екі шопан Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің басқармасы хабарлағандай, Макушинский ауданында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Қазақстанның екі тұрғыны алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Белгілі болғандай, шопандар Қорған облысының аумағына жайылымнан кетіп қалған малды іздеуге шыққан.

«Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген шекарадан өту тәртібін біле отырып, шопандар шекаралық бақылаудан жасырын өтуді ұйғарып, белгіленген өткізу пункттерін атпен айналып өткен. Неверовское және Большое Курейное ауылдары арасында оларды ФҚҚ Қорған және Түмен облыстары бойынша басқарма қызметкерлері ұстады», - деп жазады kikonline.ru.

Аймақтық ФҚҚ аймақтық басқармасының тергеу бөлімі Ресей Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігі бойынша (алдын ала келісім бойынша бір топ адамның Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуі) қылмыстық іс қозғады.