Ресейден газды Өзбекстан құбыры арқылы аламыз – Алмасадам Сәтқалиев

0
443

Оның сөзінше, қазір Ресей Федерациясынан газ алудың техникалық мүмкіндігі бар.


Ресейден газды Өзбекстан құбыры арқылы аламыз – Алмасадам Сәтқалиев

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған операторымен арадағы даудың қандай сатыда екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Білесіз бе, ол жерде шым-шытырық жұмыс жүріп жатыр. Консультанттарды тарту арқылы үнемі консультациялар, оның ішінде концорциум өкілдерімен жұмыс кездесулер жүріп жатыр. Қазіргі таңда біз аталған процесті тоқтатқан жоқпыз, тиісті тәртіпке сай жүріп жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, қазір Ресей Федерациясынан газ алудың техникалық мүмкіндігі бар.

«Бізде бірнеше магистралдық газ құбыры бар екенін білесіздер. Қазір осы газ құбырларын жөндеп жатырмыз. Сол арқылы Ресей Федерациясынан газ алып, жалпы газ транзитін қамтамасыз ете аламыз.

Ал Өзбекстанға газ тасымалдайтын құбыр тармағы Қазақстанның газ магистраліне жалғанды. Ол тармақ газ транзитін де қамтамасыз ете алады, ішкі нарыққа да газ жеткізуге мүмкіндік береді. Күздің аяғына қарай нақты көлемін айта аламыз», - деді министр.