Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды

0
399

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.


Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар қатынамақшы, деп жазады inform.kz.

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

— № 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

— № 204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

— № 216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

— № 201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызының бағыты:

— Астанадан сағат 10:40–та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;

— Бурабайдан сағат 14:10–да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00–де келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы № 6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы мәліметтерді «1433» нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми инстаграм @jolaushylar_tasymaly арқылы алуға болады.