Риддерде орман өртінен 35 үйді жалын шарпыды

0
474

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы өрт бойынша тапсырма берді.


Риддерде орман өртінен 35 үйді жалын шарпыды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандар үшін жедел желі нөмірі іске қосылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Көмекке мұқтаж адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады. Жедел желі нөмірі бойынша психологтар жұмыс істейді. ШҚО бойынша ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

"Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 дана техника жұмыс істейді. Жану алаңы - 310 га. Өртті сөндіру үшін күш пен құрал жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы барады. Қажет болған жағдайда көмекке көмекші техника жұмылдырылады", - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы өрт бойынша тапсырма берді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде.