Риддерде жүргіншіні қаққан әкім орынбасарының көлігінде Өскемен әкімі де болған

0
1 107

Одан бөлек марқұмның әкесіне қысым көрсеткені туралы арыз бойынша Риддер қаласының ІІД криминалды полиция бөлімінің бастығына қатысты өзіндік қауіпсіздік Басқармасы Қылмыстық Кодекстің 370-бабы (қызметі бойынша әрекетсіздік) және 362-бабы, 4-бөлігі (күш көрсету қаупімен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Риддерде жүргіншіні қаққан әкім орынбасарының көлігінде Өскемен әкімі де болған

Риддер қаласы (ШҚО) әкімінің орынбасары адам қағып өлтірген автокөліктің ішінде Б.П. Құрманбаевпен бірге Өскемен қаласының әкімі Қ.М. Тумабаев болған. Бұл туралы 24.kz ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

2018 жылдың 15 сәуірінде сағат 21.00 шамасында Риддер қаласында (ШҚО) қала әкімінің орынбасары Б.Р. Құрманбаев «BMW Х5» автокөлігін басқарып келе жатып, жылдамдықты қадағаламай, жаяу жүргінші Е.В. Смольниковты қағып кеткен. Нәтижесінде азамат оқиға орнында көз жұмды. Б.Р. Құрманбаевқа қатысты кепіл беру құқығынсыз қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір ол Риддер қаласындағы ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Одан бөлек марқұмның әкесіне қысым көрсеткені туралы арыз бойынша Риддер қаласының ІІД криминалды полиция бөлімінің бастығына қатысты өзіндік қауіпсіздік Басқармасы Қылмыстық Кодекстің 370-бабы (қызметі бойынша әрекетсіздік) және 362-бабы, 4-бөлігі (күш көрсету қаупімен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қылмыстық істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында, олар бойынша барлық кешенді тергеу-жедел іс-шаралары өткізілуде.