Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп жазады tengrinews.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған", - делінген хабарламада.