Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады, деп жазады aikyn.kz.
«Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес. Дене тәрбиесі сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз», – деді Жылқыбаева арнайы брифингіде.