Сағынтаев Алматының ауа сапасын көрсетіп тұратын LED-экрандарды қосты

0
692

Қосымша тағы 10 мониторингілік станса қосылатын болады.


Сағынтаев Алматының ауа сапасын көрсетіп тұратын LED-экрандарды қосты

ERNUR.KZ. Алматыда қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы хабардар ететін жоба іске қосылды, деп жазды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық ауаның сапасын LED-экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңартылады.

Қосымша тағы 10 мониторингілік станса қосылатын болады.

Мәліметтер ауаның негізгі 6 көрсеткішінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, фенол.

Бұл жоба Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі болып табылады.

Айта кетейік, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы ҚР Экологиялық кодексінде айтылған.