Салтанат клубта мас боп жүретін – «Асаруме» қорының мүшесі Бишімбаевті жақтап, шу туғызды

0
159

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді осы пікірді сторисінде бөлісіп, өткір реакция білдірді.


Салтанат клубта мас боп жүретін – «Асаруме» қорының мүшесі Бишімбаевті жақтап, шу туғызды

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. "Асаруме" мәдени-білім беру қорының мүшесі Елжас Шора бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіруге Салтанат Нүкенованың өзі итермелеген деп пікір қалдырды. Оның бұл сөзі марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің ашуын туғызған, деп жазады ulysmedia.kz.

– Әр қазақ әйелі – жалғызым. Өте керемет сөздер. Жеке өз басым әйелдер қауымын, ана-апа, қарындастарымызды сыйлаймын. Бірақ өкінішке орай, әйел кісілер бар арақ ішетіндер, темекі шегетіндер. Клубта жұмыс істейтін таныс жігіт Салтанат министрдің әйелі бола тұра клубтарда жүретін дейді қысқа көйлек киіп, мас болып. Аллаһ кешірсін, қатты айтсам. Ақиқатты айту керек. Әрине бұл ажал. Осы өлімге күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі деп ойлаймын. Жатқан жері жайлы болсын. Ішімдік ішіп өлгені өте ауыр болады өзіне. Аллаһ кешіріп, рахымына бөлесін. Салтанаттың жағдайы барша әйелдерге сабақ болсын. Өтініш, ана, әйел, апа, қарындас сөзге сай болыңдаршы. Арақ ішпеңдер, күйеулеріңізді тыңдаңыздар. Жаман болмайсыздар. Иә, келісемін, тура осындай еркектер оңбаған, – дейді ол.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді осы пікірді сторисінде бөлісіп, өткір реакция білдірді. “Сендер құтырып кеткен жоқсыңдар ма? Сөздеріңе жауап беріңдер! Халықтың есебінен ақша жинап, әбден үрейді ұмытқан екенсіңдер” деп жазды ол.

– Мұсылманбыз дейтіндердің шын бейнесін қараңдар. Шын мәнінде, азып кеткен … (нормативтен тыс лексика). Халық ақшасына семіргені соншалық беттері кадрға сыймайды. Оған қоса бірдеңе дейді, – деп жазды Амангелді.

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.