Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында «Урал» маркалы көлігі өртенді
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жүк көлігі өртке оранды. Көлік өрті далалық өртке ұласып, 20 гектар жер күлге айналды, деп жазады Aktobenews.
«Самара-Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында «Урал» маркалы көлігі өртенді. Хабарлама 23 қазан күні сағат 17:00-де түсті. Өрт сөндіруге 1 көлік пен 4 адам жіберілді. Хромтау аудандық №16 өрт сөндіру қызметі 17:45-те өртті тоқтатып, 18:00-де толық сөндірді.
Бірақ көліктен шыққан өрт далалыққа ұласып кетіп, қосымша тағы бір арнайы көлік пен 4 адам жіберілді.
"Далалықта жанған құрғақ шөп 23:55-те сөндірілді. Аумағы – 20 гектар", деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.