Самарқанға бара жатқан ұшақ Қызылордаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

0
682

Лайнер бортында 56 жолаушы болған.


Самарқанға бара жатқан ұшақ Қызылордаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербургтен Самарқанға ұшып бара жатқан "Аэрофлот" ұшағы шұғыл түрде Қызылордаға қонды, деп жазады Sputnik.

Жолаушылардың бірінің жүрек талмасы ұстаған. Ол Өзбекстан азаматы екен.
Лайнер бортында 56 жолаушы болған. Экипаж әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жақын әуежайға қонуға рұқсат алды.
"Жедел жәрдем жолаушыны әуежайдан алып кетіп, емдеу мекемесіне жатқызды", - делінген хабарламада.
Әйелді дәрігерлерге тапсырғаннан кейін ұшақ сапарын жалғастырды. Екі сағаттан соң лайнер Самарқан әуежайына қонды.