Осы орайда журналистер Назарбаевтың немере інісінің статусы қандай екенін сұрады.
ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі сотта жатқанын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Оның ісі сотта жатқанын білемін. Ал ол өзі Қазақстанда. Тергеуге алынғанда одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Шыңдалиев мәжіліс кулуарында.
Осы орайда журналистер Назарбаевтың немере інісінің статусы қандай екенін сұрады.
"Ісі сотта жатыр, статусы қандай болуы мүмкін? Сотталушы шығар", - деді ол.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Ол қаңтар оқиғасы кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.