"Самұрық-Қазына" қорының басшысы ауысты

0
565

Ұлттық әл-ауқат қорын Алмасадам Сәтқалиев басқарып келген еді.


ERNUR.KZ. Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Қор ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестиция тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс. Бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.
"Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр", — деді Смайылов.
Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмысына табыс тіледі.
Сондай-ақ премьер-министр соңғы екі жыл бойы қорды басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.