Ауғанов басшылық қызметке Қазақстан мамандарын тағайындау бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазынаға» қарасты компанияларды басқаратын шетелдік басшылардың орнын қазақстандық мамандар басып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.
"ордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, былтыр топ-менеджерлердің саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі ауысқан. Бір жылдың ішінде қор тобындағы 12 ірі өндірістік компанияның 8-іне жаңа басшы тағайындалған. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», «Qazaq Air», «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өндеу» компанияларының басшысы ауысты.
Ауғанов басшылық қызметке Қазақстан мамандарын тағайындау бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Былтыр «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардағы 10 шетелдік басшының орнын жергілікті мамандар басты. Мәселен, тарихта алғаш рет «Qazaq Air» әуе компаниясының басшысы болып Еркін Наурызбаев тағайындалды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ты Жәнібек Тайжанов басқарса, «Air Astana» әуе компаниясының бортта қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті болып Елена Обухова қызметке кірісті. Директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны да азайып келеді. Бір жыл ішінде 23-тен 14 адамға, яғни 40 пайызға қысқарды», - деді ол.