"Сана берсін": Әкім өзіне зорлық қылды деген бұрынғы әйелінің сөзін жоққа шығарды

0
597

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап беріп, өзіне жала жабылды деп санайды.


ERNUR.KZ. Шенеунік Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айтқан пікірін орынсыз дейді, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап беріп, өзіне жала жабылды деп санайды.

“Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеліме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз – екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты – қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.