Санитар дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

0
693

Алматының бас санитар дәрігері ата-аналарға балаларды қалтаға салып жүретін санитайзерлермен қамтамасыз етуге кеңес берді.


Санитар дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

ERNUR.KZ. Бас санитар дәрігерлер оқу жылы қарсаңында қазақстандықтарды коронавирус белгілері бар балаларын мектепке жібермеуге шақырды, деп жазады sn.kz.

"Елордада коронавирус жұқтырғандар, соның ішінде жұқпалы дельта-штамм әлі де тіркеліп жатыр. (…) Балада коронавирустың қандай да бір белгілері байқалса, мысалы, жөтел, суық тию сияқты, оны мектепке жібермеуді және 103 қызметіне хабарласуды сұраймыз", - деді Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева сенбі өткен баспасөз мәслихатында.
Оның алматылық әріптесі Жандарбек Бекшин де осындай өтініш жасады.

"Біз үшін балаларымыздың денсаулығынан асқан құнды дүние жоқ. Біз өз балаларымызды ғана емес, олардың сыныптастарын да ойлауымыз керек. Егер балаңыз өзін әлсіз сезінсе, бірден мектеп әкімшілігіне хабар беріңіз. Егер оның дене қызуы 37 градустан асса, жөтел, мұрын бітелу, тамағы ауыру сияқты симптомдар болса, міндетті түрде хабарлау қажет. Өйткені бұл коронавирус инфекциясының басы болуы мүмкін", - деп ескертті Алматының бас санитар дәрігері.

Бекшин ата-аналарға ара-тұра қолын өңдеп тұру үшін балаларды қалтаға салып жүретін санитайзерлермен қамтамасыз етуді ұсынды.