Саран қаласында шина шығаратын зауыт құрылысы басталды

0
1 705

Зауыт өнімінің 40%-ын экспорттау жоспарланып отыр.


Саран қаласында шина шығаратын зауыт құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Зауыт құрылысының басталуына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жобаны «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны – «KamaTyresKZ» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі.

Зауыт өнімінің 40%-ын экспорттау жоспарлануда. Жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 125 млрд теңгені құрайды.

Зауытта 1100-ден астам жоғары білікті жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Кәсіпорын персоналы «Татнефть» ЖАҚ шина кәсіпорындарында тағылымдамадан өте бастады.

Үкімет басшысы шина зауытын салу жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты іс жүзінде кеңейгенін айғақтайтынын атап өтті.