Сардоба апаты 16 млрд теңге шығын келтірді – Юрий Ильин

0
510

Жалпы соңғы 5 жыл ішінде төтенше жағдайларды жоюға 44 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.


Сардоба апаты 16 млрд теңге шығын келтірді – Юрий Ильин

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Сардоба апаты ел бюджетіне қанша шығын келтіргенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан елеулі материалдық залал келді. Салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 5 елді мекені зардап шекті. Бұл – 6210 адам. Олардың бәріне уақтылы материалдық көмек көрсетілді. Жаңа мектептер, ауруханалар мен үйлер салынды, жаңа инженерлік инфрақұрылым тартылып және жолдар төселді. Төтенше жағдайды жоюға Үкімет резервінен 16 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді», - деді ведомство басшысы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, жалпы соңғы 5 жыл ішінде төтенше жағдайларды жоюға 44 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалып, мемлекеттік материалдық резервте тұрған 365 техника қолданысқа шығарылған.