Оқиға 14 қыркүйекте, кешкі сағат 18.30-да жанармай құю бекетінің жанында болған.
ERNUR.KZ. Жезқазған-Сәтбаев тасжолында үйлену кортежінің көлігі апатқа ұшырап, 19 жастағы жігіт қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәлімдеуінше, үш көлік: KIA Sportage, Toyota Land Cruiser 200 және Skoda Yeti бір-біріне соқтығысқан. Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 5 адам ауруханаға түсті.
Видеода көрінгендей, көлік жанармай бекетінен негізгі жолға түсіп, джипке жол бермеген. Land Cruiser жүргізушісі соққыдан кейін рульге ие бола алмай, тағы бір автокөлікке соғады.
«Полиция жол-көлік апатын тудырған жүргізушіні ұстады, қылмыстық іс-қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Жас жұбайлар отырған көлікте тойды түсіруге бара жатқан мобилограф 19 жастағы Досымжан атты жігіт қаза тапты.