Сауалнама бойынша қазақстандық ерлердің 18%-ы әйелге қол көтереді

0
503

​Сауалнамаға қатысқан қазақстандық ер адамдардың 18%-ы әйелге физикалық зорлық-зомбылық көрсететінін мойындады.


Сауалнама бойынша қазақстандық ерлердің 18%-ы әйелге қол көтереді

ERNUR.KZ. Мұны сарапшылар "Қазақстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту туралы қоғамдық қабылдау" атты сараптамалық баяндамасында айтты, деп жазады Stan.kz



Шымкентте әйелі мен құрбысын ұрып-соғатын ерлер саны Алматыдағыдан 5 есе, Астанадағыдан 6 есеге жуық көп екені белгілі болды. "АМАНАТ" партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова жағдайға әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға арналған жаңа заң әсер етуі керек деп санайды.


“Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға арналған заң жобасы 5 бағытты қамтиды. Біріншісі – зорлық-зомбылық пен қылмыстың барлық түрі үшін жауапкершілікті арттыру. 2023 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы халыққа жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырма берген еді. Харассмент пен сталкингке (адамды аңду) келсек, қазір мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтетін жеке заң жобалары әзірленіп жатыр”, – деді мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ әр үшінші қазақстандық мамандықтарды "ер адамдікі" немесе "әйелдікі" деп бөлетіні анықталды. Әр төртінші адам жұмысқа қабылдау шарттары тең емес деп санайды, ал әр алтыншы Қазақстан азаматы бірдей жұмыс үшін ер жұмысшылар әйел қызметкерлерге қарағанда жоғары жалақы алады деп есептейді.

Сарапшылар әлем бойынша әйелдер ерлерге қарағанда 48% аз жалақы алатынын атап өтті.

“Осы сауалнамаға және фокус-топтарға қатысқан Қазақстандағы ерлердің 80%-ға жуығы Қазақстанда әйелдерге, қыздарға жеткілікті құқықтар мен бостандықтар берілген және сәйкесінше, бұдан әрі әрекет етудің қажеті жоқ деп санайды. Біз мұнымен келіспейміз, өйткені деректер әлі де шектеулер бар екенін көрсетеді”, – деп мәлімдеді БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Сухроб Хожиматов.