Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп жазады inform.kz.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.
– Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтердің иегерлері атанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен кейінгі жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін жалпы саны 237 пәтердің кілті табысталды. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 77 пәтердің кілті табысталған болатын. Сонымен қатар 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Кейінгі жылдары бұл әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі және халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам, - деді Нұрбол Нұрсағатов.