Сергеев қоймасында су тасқынының қауіпті кезеңі өтті

0
436

Қазір су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.


Сергеев қоймасында су тасқынының қауіпті кезеңі өтті

ERNUR.KZ. Сергеев су қоймасында су тасқынының екінші толқынының қауіпті кезеңі өтті. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді, деп жазады inform.kz.

Спикердің айтуынша, қазір су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.

«Петропавл қаласының маңында су деңгейі 2-4 см-ге дейін біршама көтерілді, жағдай тәулік бойы бақылауымызда», - деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, өңірде 100 АЕК мөлшерінде төлемдер жасалып жатыр. Бүгінгі таңда 2 349 отбасы жалпы сомасы 867 млн теңгеден астам біржолғы төлем алды.

«Зардап шеккен тұрғын үйді бағалау жөніндегі бригадалар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазір 215 үй тексерілді. Қалған үйлерде судың кетуіне қарай жұмыстар жалғасады», - деді өңір өкілі.